Қатаң карантин басталса қанша адам тағы да жұмыссыз қалады?

2545
Adyrna.kz Telegram

Дәулет Арғандықовтың айтуынша, жалпы елімізде 8,7 миллион қазақстандықтың тұрақты жұмысы бар, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Біріншіден, 4,1 миллион адамның тұрақты жұмысы болады, олар: ТҮКШ қызметкерлері, медицина қызметкерлері, өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы және тағы басқасы.

2,5 миллионға жуық адам мүмкіндігі мен біліктілік деңгейіне байланысты қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы мүмкін - бұл білім беру саласы, мемлекеттік қызметкерлер, кеңсе қызметкерлері және тағы басқасы», – деді Арғандықов ОКҚ брифингінде.

Қалған 2 миллион адам өз жұмысын тұрақты түрде сақтап қалуы мүмкін.

«165 мыңға жуық адам шектеу шаралары толық қабылданған жағдайда жұмысынан айырылып қалуы мүмкін. Біз мамандықтар, еңбек дағдылары бойынша тікелей жіктедік, барлық топ бойынша бағалау жүргіздік», – дейді сарапшы.

 

Пікірлер