Ресейдің 25 технологиялық компаниясы санкцияға ілікті
Оның ішінде 6 компания ақпараттық технологиялар компаниясына жатады. Бұл ақпараттық технологиялық компаниялар АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде кибер шабуылдарға қатысқаны анықталған. Сол себепті санкцияға ілігіп отыр.
Келесілері "Эра", АО "Пасит" атты Ресейдің Соғыс нииовациялық-стратегиялық компаниялары. Бұл Ресейдің ең жанды жері.
Одан кейінгілері арнайы есептеу құрылғылары мен автоматтандырылған қондырғылары бірлестігі ООО "НеоБИТ", АО "АСТ" и АО "Позитив текнолоджиз" компаниялары.
Вашингтон тағы да 16 компанияны санкцияға алды. Оның ішінде ООО ИА "Инфорос", Association for free research and international cooperation сияқты ірі қорлар мен фирмалар да бар. Бұл компанияларға серіктес ретінде ООО "Юниджет", OOO "Транс логистик" компаниялары кіреді. АҚШ-тың қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл компаниялар желісіне ресейлік миллиардер Евгений Пригожин иелік етеді.
АҚШ тарапынан Ресейдің активтері мен құнды қағаздарына, обилгациялары мен мемлекеттік акцияларына, АҚШ банктеріндегі қаржы ағымдарына да тосқауылдар қойылып жатыр. Бұл жойқын санкциялардан Ресей нарығы бірнеше миллиардтаған доллар шығынға батайын деп тұр.
Ресей билігі қазір санкцияларға байланысты қызу кеңестер өткізіп жатыр. АҚШ жанында ешкімі қалмаған Ресей билігінің басын әп-сәтте қатырып жіберді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы