Шығарып салушыларға шектеу қойылды

2292
Adyrna.kz Telegram

14 сәуірде көлік жөніндегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бұрынғы қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Атап айтқанда, ПТР сертификаты болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдарды (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) Қазақстанға келетін ұшаққа отыруға рұқсат бермеу туралы ереже алынып тасталды.
Сонымен бірге, халықаралық әуежайлардың басшылары қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан аймақтарда аэропорт ғимараттарына шығарып салушылар мен кіріп-шығуды шектеуді қамтамасыз етуі керек деген қосымша енгізілді.

Қоса кеткенде, қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан аймақтарға теміржол вокзалдары ғимараттарына шығарып салуға және кездесуге келгендерге шектеу енгізілді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер