Қазақстан-Түркия авиарейстері қысқаруы мүмкін

3961
Adyrna.kz Telegram

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Түркиямен рейстер санын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп.

«Шынында да, Түркияда эпидемиологиялық ахуал өте қиын. Күн сайын 50 мыңнан астам ауру тіркелуде. Бұл біздің статистикамен салыстырғанда, 5,5 есе көп. Сондықтан, бүгін МАБ отырысында Түркиямен рейстер санын азайту жайлы ұсыныстар жасалды . Бүгін бұл ұсыныстар қарастырылуда », деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кожа коронавирус пандемиясы басталғаннан бері ел басынан өткеріп отырған ең қиын кезең туралы айтты. Жұқтырушылардың 85 пайызында «британдық» мутация. Бірақ басқа да мутациялар Түркияда табылды. Мысалы, 166 адамда вирустың «бразилиялық» нұсқасы табылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер