Биыл Жеңіс күніне орай әскери шеру өте ме?

3218
Adyrna.kz Telegram

Биыл Қазақстанда мамыр айында әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланбаған. Дегенмен, гарнизондарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, еске алу шаралары ұйымдастырылады», делінген министрліктің хабарламасында.

Ал Мәскеуде Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруі 9 мамырда әдеттегі форматта өтеді деп жоспарлануда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер