Олжас ӘБІЛ: Ресейге АҚШ-тан бұрын Түркия қауіп төндіріп тұр

12186
Adyrna.kz Telegram
АҚШ пен Ресейдің немесе Украина мен Ресейдің арасындағы текетірес бәсеңдейтін түрі бар.
Джозеф Байден бәрін жақсы бастап келіп сылқ ете қалды. Өкінішті ақ.Путин украин шекарасына сексен мың әскерімен сансыз әскери техникасын қаптатып геосаяси алаңда Вашингтонның тізесін бүктірді. Кеше Байден Путинге звандап Украинаға алаңдаушылығын білдіріп онымен кездесуге ниет білдірді. Бұл оның геосаяси жеңілісі болды.
Сірә бүгін орыс пропагандасы "батысты жықтық" деп күмпілдеп жарылатын шығар. Кезінде босбелбеу Обаманың өзі "Ресей аймақтық держава еді.. " деп мойындамай, кремльмен Украина мәселесі бойынша ешқашан келіссөзге отырмаған-тын, енді соны жоғары дәрежеде Байден істейтін болды. Өкінішті ақ...
Осы соңғы АҚШ - Ресей текетіресінде тағы бір маңызды көрініс орын алды. Мен дәл осы жағдайды мүлт етпей қадағалаумен болдым.
Ол — Украина мен Түркияның өзара қарым қатынасы.
Егер біздің дәуірімізде осы жаһанда ресми Мәскеудің төбе шашын тік тұрғызған бір адам бар болса, ол адам — Режеп Тайып Ердоған.
Кремль үшін Режеп Ердоған дегеніміз — Сирия, Ливия, Әзірбайжандағы өзінің соғыс алаңындағы үлкен бір позоры. Өйткені жер - жаһанның түкпір түкпірінде Ердоғанның "Байрактарын" көрген орыс вагнерларінің үрейі ұшып, алқына зытып, табандарын жалтыратып қашумен әлек болатын.
Ердоғанның "Байрактары" Ливияда орыстың аса қымбат 30 дана ЗРК Панцирін, жүздеген танкілерін, әскери техникасын, жүздеген сарбаздарын отқа орады. Бұл қаншама миллиардтаған доллар шығын.
Путиннің ливиялық досы Халифа Хафтар, Түрік әскері Ливияға кірген тұстан бері айбынды генералдан бір бейшараға айналды. Путин Ливияда Түркияға қарсы қолынан келгенінің бәрін істеді, қарсыласына қарсы химиялық қару да қолданып көрді, Мысырды (Египет) түрікке қарсы шаптап та көрді....
Алайда Ердоған оны қыстырмады. Ол тапал тал түсте Ливиядағы Путиннің вагнерлері орналасқан қалаларды жермен жексен етті. Оны көрген Египеттің дереу духы түсіп одан соң Ливияға аяқ баспады.
Сирияда да Ердоған Асадтың да, Путиннің да шәпкесін кері кигізіп есекке теріс мінгізді. Ондағы жағдай Ливиядан да ауқымды болды. Сирияда Башир Асад қазір іс жүзінде Шам шаһарының сторожы ғана боп қалды. Егер күндердің күнінде Режеп Ердоған Дамаскіге қарсы бір жорық жасайтын болса, Асадтың дәуірі аяқталады, Путиннің ойыны да бітеді.
Ал Қарабақта Ердоған Путинмен тіпті ашық кетті. Егер Қарабақта Ресей Әрмения үшін ол маңға әскер кіргізіп ұрыс салатын болса, Режеп Тайып Ердоған ойланбастан Әзірбайжан үшін соғысып кетер еді. Оны күллі дүние көріп сезіп отырды, бұны Путин де түсінді. Содан болар Путин Қарабақта әрмендерге ашық қолдау білдіре алмады, көзі жыпылықтап қорқып отырды. Оны көрген Ердоған мен Әлиев Қарабақтағы басқыншыларды бір жарым айлық мерзімде майлы жерлерінен бір теуіп қуып шықты.
Бір сөзбен айтсақ Режеп Ердоған — Зверь, рас, Зверь Ердоған... Оның бір басында өз батылдығы мен өрлігі, ерлігі жетеді.
Енді кеше Ердоған мен Украин президенті Зеленский кездесті. Әне міне Ресеймен соғысайын деп отырған елге Ердоған "Байрактардың" тағы бір 25 данасын артып жіберді.
Әйгілі өзіұшар "Байрактар ТБ - 2 " жанжал өршіп тұрған украин облыстарының үстінен ұшып өтті. Оны көрген украин әскері көздері жасаурап руһтанды, ал дұшпанының зәресі ұшты.
Режеп Ердоған тағы Ресейге қарсы Украинаны қызу қолдайтынын айтты. Түркия жақында Босфор бұғазынан американдық әскери эсминецтерді Қаратеңізге, Қырымға өткізіп жіберді. Ол Мәскеу үшін оның төбесінен түскен найзағаймен тең болды.
Онымен қоймай екіжақты кездесу барысында Ердоған "басқыншы жағдайда қалған Қырымдағы бауырлас қырым татарларының тағдырына алаңдайтынын" айтты. Зеленский өз кезегінде "Қырым азат етілген күні Қырымды Түркия - Украина боп бірлесе басқаралық" деп ұсыныс жасады.
Ал бұ кезде бұның бәрін көріп, естіп отырған ресми кремль көгеріп талып қалды. Есін жиғасын биыл өз азаматтарының Түркияға барып демалуына тиым салып өшін алды.
Рас, Джо Байден кеше сәл шегінді. Енді Режеп Ердоған шегіне ме екен, сол қызық боп тұр... Шыны керек, қазіргі геосаяси жағдай өте күрделі.... Күнде бір қызығы мен шыжығы қатар шығып жатыр. Байқалық, күтейік, әлі бұл кино біткен жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер