Өскемен тұрғындары эвакуацияланды

1854
Adyrna.kz Telegram

Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлады Altaynews.kz.

Тұрғындар газ иісінің қатты сезілуіне байланысты құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына келген ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында жедел түрде 40 азаматты, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.
Үйді тексергеннен кейін құтқарушылар үйдің жертөлесінен 3 оттегі мен 3 газ баллонын алып шықты.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін үйге қызмет көрсететін ұйымның қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Құтқарушылар жертөлені желдетіп, қауіп сейілгеніне көз жеткізген соң тұрғындарға пәтерлеріне оралуға рұқсат берді. ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, газ баллондарын тұрғын үйлердің жертөле үй-жайларында сақтауға қатаң тыйым салынады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керек.

Пікірлер