Цой ораза қарсаңында қазақстандықтарға ескерту жасады

4619
Adyrna.kz Telegram

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Денсаулығының нашарлауына қатысты кішкене шағымдар болған кезде, оразаны тоқтатып, медициналық көмекке жүгінген жөн. Денені қатты сусыздануға ұшыратпау және теңгерімді диетаны ұстануға тырысу маңызды», – деді ол.

Цой вакцинацияның оразаны бұзбайтынын айтты.

«Екінші жыл қатарынан бүкіл әлемдегі мұсылмандар қасиетті айды пандемия жағдайында өткізеді. Бірлескен Жұма намаздары алынып тасталды, ауызашар өткізуге шектеу қойылды. Осы сынақтардан түсіністікпен және шыдамдылықпен өтетінімізге және туыстарымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті ережелерді ұстанатынымызға сенімдімін», – дейді министр.

Пікірлер