25 жастағы Әкімхан Мәженов Уфада өткен "Яңы Моң" халықаралық музыкалық телевизиялық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстандық жігіт 16 жасынан бастап сахнада ән айтады. Ол халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық өнер университетінің 4-курсында оқиды. Әкімхан - Нұр-Сұлтандағы Мемлекеттік академиялық филармонияның солисі.
Байқаудың екінші айналымында ол қазылар алқасы құрамында болған Валерий Меладзенің «Актриса» әнін орындады.
"Маған әрдайым қатты дауыспен ән айту оңай деп айтатын. Ал ақырын ән айту өте қиын. Сіз ешқашан айқайға, шектен тыс шырқауға ауысқан емессіз. Әр шырқаған дауысыңызда соншама күш бар. Бірде-бір лақтырылған, қате әрі кездейсоқ айтылған ноталар болған жоқ. Сіздің басыңызда компьютер бар ма, жоқ па? Бірақ әр нота өте нәзік өңделді. Бұл таңқаларлық", деді Меладзе қазақстандықтың орындауына.
Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамына татар-башқұрт эстрада әртісі Элвин Грей, продюсер Лина Арифулина, әнші Гүлназ Асаева және Башқұртстанның халық әртісі Азат Зиганшин болды.
"Адырна" ұлттық порталы