Ай сайын 2 миллион адам вакцинациялануы керек - Мамин

1831
Adyrna.kz Telegram

Ай сайын 2 миллион адам вакцинациялануы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Вакцинациялау графигі нақты сақталсын және сәуір айында, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етілсін. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді А. Мамин.

Халық үшін вакцинаның маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екендігін де баса айтты.

«Қоғам тек санитарлық нормарларды сақтау және вакцинациялау ғана пандемияның таралуын тоқтатып, экономиканың өсуін қамтамасыз ете алатынын түсінуі керек», – деді Үкімет басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер