Әлемдік геосаяси тартыс пен текетірес империялық амбициясы басым елдердің өз қолында қандай қуатты қарулары бар екенін көрсетіп жатыр. Бұл да саяси психология мен саяси тұқыртудың бір амалы сияқты.
Түркияның Bayractar компаниясымен серіктес Akıncı компаниясы кезекті қуатты дрондарын эксплуатацияға шығарды. Бұл соңғы буын дрондары Әзербайжан мен Арменияның арасында өткен соғыста пайдаланылған Bayractar ТВ2 дрондарынан әлдеқайда қуатты деп ақпараттар беріліп жатыр.
Akıncı компаниясының дрондарының техникалық характеристикасы мынадай:
-салмағы - 5 тонна;-қуаттылығы - 850 аттың күшіне пара пар;-12 шақырым биіктікке дейін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар;-жылдамдығы - 460 км/сағ:-аспанда 24 сағат бойы жұмыс жасай алады;-қанатының арақашықтығы - 24 м;
Akıncı компаниясының дрондары Байрактардың алдыңғы буынынан әлдеқайда қуаттылығымен қатар салмағы да әлдеқайда ауыр. Салмағы ауыр болған сайын оның соғыстағы жою мүмкіндігі де жойқын деген сөз. Соңғы сериялы шығарылымдағы дронның бомбалаушы ұшақтарды, әскери базалар мен боеприпастарды, стратегиялық маңызды нысандарды жойып жіберу ықтималдылығы өте жоғары. Авиабомбаларды тастаудағы дәлдігі де өте жоғары. Тіпті жоғары жылдамдықтағы ұшып келе жатқан қанатты зымырандарды да радардан шығармай қағып түсіруге қауқарлы екен.
Дәл осындай қуатты қарулары қолында тұрғаннан кейін Ердоған әлемдік геосаяси текетіреске белсене араласып, Түркияның халықаралық саясаттағы амбициясын қайта-қайта көрсетіп жатыр. Ердоған өзіне сенімді болмаса, дәл осындай әлемдік текетіреске араласпас еді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы