АҚШ-тың ұлттық гвардия резервіндегі ұшақтары мен бронотехникалары Шығыс Украинаға жетті

7898
Adyrna.kz Telegram
Донбасстағы жағдай күннен күнге ушығып жатыр. Ресей мен Украина тарапы да шекараға әскерлері мен соғыс техникаларын үйіп-төгіп тастады. Бір біріне команда берілуін ғана күтіп отыр.
Кейбір батыстық ақпараттық құралдары Ресейдің көмегін алып отырған сепаратистердің жасырын әрекеттерге көшіп жатқанын хабарлауда. АҚШ-тың Украинаға көмекке бомбалаушы ұшақтары да келіп жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің айтуынша, Луганскде көп ұзамай соғыс өрті тұтануы мүмкін деп дейді. Қазір Украина тарапынан Луганскге 120 миномет пен бронотехникалар қойылды. Луганскдегі соғыс техникалары мен әскери басшылық қарсы тарапқа жауап қайтаруға дайын отырмыз деп мәлімдеме жасады.
Шығыс Укрианада орналасқан БАҚ-тар бір жағдай орын ала қалса, ақпараттарды әлемге таратуға дайын отыр. Бұл шараларды қауіп қай тараптан болатынын Кремльге қарсы алдын ала дайындап қойғанын ескертті. Бүгін Украинаға АҚШ-тың ұлттық гвардиясы резервінен берілген 50 бронотехникасы мен С-130 ұшақтары жетті. Пентагон мұнымен шектелмейміз, тағы да қосымша күш жібереміз деп отыр.
Украинаның Шығын шекарасы аймағында қазір АҚШ-тың RQ-4A Global Hawk атты барлаушы дрондары жағдайды бақылауға алып, ұшып жүр. Бұл дрондар Донбасстағы, Луганскдегі, Қырымдағы, Қара теңіз жағалауларындағы жағдайларды бақылауына алып, ақпараттар жіберіп отырады.
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна"ұлттық порталы
Пікірлер