Шашынан сүйреген: Балабақшада орын алған тәртіпсіздікке тосқауыл бар ма?

2576
Adyrna.kz Telegram

«Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентіндегі балабақшада орын алған оқыс оқиға туралы видеоны Фейсбуктағы «Құлсары жаңалықтары» парақшасы жариялады» деп хабарлайды “Адырна» ұлттық порталы Atr.kz сайтына сілтеме жасап.

«Балдырған» балабақшасында орын алған видеодан тәрбиешінің кішкентай қыз баланы шашынан сүйрей жөнеліп, бөбектің жерге құлағанын көруге болады.

Жылыой аудандық білім беру бөлімі, оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. Видеодағы озбыр әрекет иесі – тәрбиешінің қызметтен шеттетілген-шеттетілмегені белгісіз.

Пікірлер