Алматы облысының оңтүстік өңірінде 9 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

3983
Adyrna.kz Telegram

Наурыз айынан бастап 5 600-ге жуық онкологиялық пациент covid-19-мен ауырып, осы кезеңде 45-ке жуық адам ковидтен қайтыс болды". Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында белгілі болды.

Алматы облысының оңтүстік өңірі бойынша 2020 жылғы мәліметтерге  сәйкес, қатерлі ісіктермен есепте 9244 пациент тіркелген. Алғаш рет анықталған қатерлі ісік диагнозымен 1481 адам есепке алынды. 2020 жылы І-ІІ сатыдағы ҚІ алғаш анықталған науқастардың саны 846 құраса, ІV - сатыдағы ҚІ емделушілер 166-ға жеткен.

«2020 жылы тәуліктік стационарда ем-дом қабылдағандар мөлшері 2,8% - ға артып, 4362 жағдай анықталса, ал күндізгі стационарда емделгендер  саны - 64,3% - ға азайып, 694 жағдайды көрсетіп отыр. Коронавирустық инфекцияның қалыптасқан ахуалына және карантинді енгізуге байланысты күндізгі стационарда ем алушылар саны азайып келеді»,- деді Алматы аймақтық көпсалалы клиника директорының орынбасары Игорь Новиков.

Вакцинация қазіргі және бұрынғы онкологиялық науқастар үшін қолайлы болып отыр. Қолда бар covid‑19 вакциналарында (V спутнигі, Эпиваккорон, Pfizer және Moderna) тірі вирус жоқ, сондықтан олар иммундық жүйесі әлсіреген адамдар үшін де ұсынылады. Вакциналар қатерлі ісік ауруымен (химиотерапия, иммунотерапия, гормондық терапия, биологиялық терапия, сәулелік терапия) белсенді емделетін адамдар үшін де қауіпсіз деп саналады.

Осы ретте, онкологтар пациенттердің ем алу шараларын  үзбеуге кеңес береді. Коронавирусқа қарсы мерзімді скрининг науқастар арасында COVID-19 таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, "Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы" ШЖҚ КМК жалпы халық саны 1385595 мың адам (жалпы Алматы облысынан 67%) қамтиды, Алматы облысының оңтүстік өңірінің аумағындағы 10 ауданға қызмет көрсетеді.

Пікірлер