Байқоңырлықтар денсаулық сақтау саласында болып жатқан келеңсіз жайттарға наразы

8787
Adyrna.kz Telegram

Байқоңыр қаласының тұрғындары аймақтарында болып жатқан денсаулық сақтау саласының келеңсіз жағдайларына наразылығын білдіруде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы тұрғындар Галифа Дарбузованың Facebook парақшасындағы жазбасында мәлімдеді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Байқоңыр аймағында орын алып жатқан заңсыз іс-әрекеттер жөнінде ашына айтқан тұрғындар парақшадағы жазбада: 

"Кұрметтi Қасымжомарт Кемелұлы!

Сiзге тiкелей шағымдануымыздың басты себебі,бiзде,яғни Байқоңыр қаласының тұрғындарында өзіңізден басқа сүйенетін ешкім болмағандықтан,
амалсыздан сізге арыз жазуға мәжбүрміз.Атап айтсақ Байқоныр,Төретам,Ақай халқының денсаулық сақтау саласындағы болып жаткан келеңсiз жағдайға байланысты қала тұрғындарының жан-айқайы жанымызды ауыртады.Осы мәселеге байланысты Адырна ұлттық порталында (06.03.2021) менің мақалам жарық көрді.Байқоңырдағы жергілікті азаматтар мен Республика аумағындағы жанашыр ағайындарда да маған жан-жақты қолдау білдірді.Осы проблемаға қатысты: облыс әкiмi, денсаулық министрі және
жемқорлыққа қарсы iс- қимыл агенттiгiнің төрағасына БАҚ-дары арқылы жүгiнген едiк.Бiрақ осы уақытқа дейін аталмыш мемлекеттік органдардан ешқандай тексеру әрекет пен нәтиже болған емес.Қаламыздағы аурухананың жағдайы, жұмыс iстейтiн коллективтiң психологиялық- моральдiк ахуалы өте төмен- нашар жағдайда,яғни еш сын көтермейді. Оған дәлел менің "Адырна"ұлттық порталындағы Байқоңыр қаласындағы көппрофильді аурухана туралы мақаламдағы ащы шындыққа негізделген фактілер.Менің арызымда айтылған күрделі мәселелердi бас дәрiгер Жандос Әділхан шешуге әрекет жасай ма десек, керiсiнше ол менi Казақстан Республикасының азаматын,яғни бас дәрiгердiң ар-намысына нұқсан келтiрдi деген айыппен Ресей полициясына шағым түсірген.Сонда Ресей федерациясының құқық қорғау органдары бас дәрігер Жандос Әділханның жанашыр досы әрі қорғаны болғаны ма? Мүмкін бас дәрігердің артында Ресей билігі тұрған жоқ па деген ой да бізге маза бермейді.Әлде бас дәрігер Жандос Әділхан тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп,жеріміздің тұтастығына көзін алартқан Федоров,Никонов,
Жириновский,Лимонов,т.б сияқты мысықтілеулі Ресей шенеуніктеріне арқа сүйей ме?
Осы жемқорлыққа негізделген айқай-шудың шыққанына бiр жылдай уақыт болды.Кемшіліктерді айтсаң Ресейдің полициясымен қорқытады және бұндай қоқан-лоқы медицина кызметкерлерiне де катысты.Қит етсе Ресей құқық қорғау органдарының пәрменіне сүйенетін бас дәрігер Жандос Әділханның озбырлығынан қарапайым Қазақстан азаматтары,яғни Байқоңыр қаласының тұрғындары әбден шаршады.Кызылорда облысында Казахстан азаматтарын коргайтын билiк бар ма,жок па? Сол үшін сізден Қасым-Жомарт Кемелұлы Ресей құқық қорғау органдарының психологиялық қорқыту-қысымынан бізді арашалап, қорғауыңыздан үміт етеміз және өтініп сұраймыз

Арыз иесі: Галифа Дарбузова және бір топ қала тұрғындары..." деп жазды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер