Балаларға аспирин берсеңіз қауіпті синдромға ұшырауы мүмкін

2972
Adyrna.kz Telegram

12 жасқа дейінгі балаларға аспирин беруге болмайды. Бұл туралы дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Аспирин балада Рей синдромы сияқты ауыр ауруды тудырып, одан әрі асқындырып жібенуі мүмкін. Тіпті, бұл синдром өлімге де әкеледі.

"Әлемнің барлық жерінде балаларға аспиринді ауырсынуды басатын немесе дене қызуын түсіретін дәрі ретінде беруге тыйым салынады", - дейді дәрігер.

Аспириннің орнына парацетамол берген дұрыс екенін мамандар мойындады.

Пікірлер