Асар шағын ауданында 500 түп жеміс ағашы отырғызылды

4459
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданында «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық жобасы аясында 500 түп жеміс ағашы отырғызылды. Қаратау аудан әкімдігі ұйымдастырған игі шараға 100-ге жуық аудан тұрғындары мен 7 техника жұмылдырылды.

Осылайша бүгін, Асар шағынауданындағы орталық көшелердің бойына алма, алмұрт, өрік жəне шие ағаштары отырғызылды.

Аудан ақсақалдары жеміс ағашының көгеруі мен еліміздің гүлденуі үшін дұға етіп, ертең ағаштар көктеп өскенде оның саясында демалғаны үшін, оның жемісін жегені үшін әрбір егушіге жақсылық жазылатынын айтты.
Қаратау ауданы әкімдігінің айтуынша, аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады екен. Наурыз айында ауданда жалпы 5 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылған екен.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер