Биыл Атырауда 11 инвестициялық жоба іске қосылып, 762 жұмыс орны ашылады

1800
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен өңірге инвестиция тарту мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты жиында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мәмбетов мәлімдеді.

«Биылғы жылы жалпы құны шамамен 920,4 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Аталған жобалар жүзеге асқанда 762 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді»,- деді Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мәмбетов.

Жобалардың шеңберінде «Түйіршікті күкірт өндіру зауыты», «Тамақ қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар өндірісі», «Бетон және темір бетон бұйымдарын шығаратын зауыт», «Газхимиялық кешен құрылысы», «Құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі», «Тоқыма геотекстиль шығаратын цех», «Мұнайгаз саласы үшін машина жасау зауыты» іске қосылмақ.

Жиын соңында өңір басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. «Инвестиция тарту бойынша нақты ұсыныстар беріп, оларға барынша қолдау көрсету керек. Нысандардың инфрақұрылымдарын жоспарланған мерзімінде аяқтап, жұмысты күшейтуді тапсырамын»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Пікірлер