Нұрболат Абдуллиннің әкесі қайтыс болды

3351
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Нұрболат Абдуллиннің отбасында қайғылы жағдай орын алды. Өнер иесінің асқар тауы әкесі дүниеден өтті деп жазады nur.kz.

Қаралы хабарды Нұрболат Абдуллиннің өнердегі әріптесі Қайрат Нұртас жеткізді.

Ол Instagram желісіндегі Stories бөлімінде марқұмның фотосын жариялап, досына көңіл айтты.

"Иманды болсын! Сабыр берсін, досым" , - деп жазды хитмен.

Желі қолданушылары бірден Абдуллиннің қайғысына ортақтасып, оны барынша жұбатуға тырысты.

"Қарты бар үйдің қазынасы бар деген,бір қазынаңды жоғалтыңба, сұлу әнші жігіт? Әкеңнің алдынан жарылқасын. Иманы жолдасы болсын" , "Аллам алдынан жарылкасын", "Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын" , "Иманды болсын" , "Иман байлығын берсін! Жаны жәннатта болсын", "Иманды болсын, алдынан жарылқасын. Жап-жақсы жүр едіғой не болған екен", - деп жазды әнші.

Пікірлер