Елордада карантин қатаңдайды

2414
Adyrna.kz Telegram

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қалада карантин және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қол қойылған құжатқа сәйкес сауда-ойын сауық ортаолықтары, сауда үйлері және т.б. жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқартылады.

Сонымен қатар, бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұдан басқа, қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер, сондай-ақ қала оқушылары көшеді.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, оған жеткізу жұмысы мен алып кету тапсырыстары кірмейді.

Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді.

 

Пікірлер