Қарағанды: шахтадан өрт шықты

1822
Adyrna.kz Telegram

Кеше Қарағанды облысындағы Саран шахтасынан өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Техникалық кешендегі галереяның сыртқы құрылғылары өртенген. Өрт шыққан негізгі ошақ өшірілді.

ТЖҚ өрт шыққан орында жұмыстарын жалғастыруда. 4 өрт сөндіруші қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі әлі де анықталмады.

Пікірлер