Оқушылардың төртінші тоқсанда қалай оқитыны белгілі болды

5600
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қалай оқитынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді.

Сондай-ақ:

–білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
– тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға болады.

Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде жалпы білім беретін мектептер 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқиды.

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер