Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:
- контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы бала саны 25-тен асырылмай дәстүрлі форматта оқытылады;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етіледі;
- жасыл және сары аймақта орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін бала саны 25-тен аспай аралас форматта оқытылады.
Ал коронавирустың "қызыл" аймағында орналасқан өңірлерде:
- жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы бала санын 25-тен асырмай аралас форматта оқытылады;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.
Осы қаулы 26 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.