Жаңаөзенде тәнін саудалаған жезөкшелер анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау барысында моншалардың бірінен 10-жуық жеңіл жүрісті қыздарды анықтады. Олардың көбі Тараз,Шымкенттен келгендер»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, жеңіл ақша тауып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған әйелдерге қатысты хаттама толтырылды. Сонымен қатар ЖҚ ПБ жезөкшелер санатына есепке қойылды.
«Адырна» ұлттық порталы