Кино мен футболға ақша салудың қажеті жоқ

3534
Adyrna.kz Telegram

Қаншама уақыттан бері қайта-қайта жарнамалап жатқасын, шынында да бір көретін дүние түсірген шығар деп қарай қойып едім..Бүгін "Қазақстан"арнасынан көрсетіле бастаған"Махаббат,қызық мол жылдар"телехикаясын айтам.Кітап қандай еді,шіркін..

Алғаш шыққанда бірімізден-біріміз сұрап алып,таңды таңға ұрып,басымызға жастап қойып оқып едік.Бірінші бөлімінен бастап мынандай қойыртпақ,қалғаны не болар екен?Қандай сұмдық сценарист болса да,кітаптың желісінен тым ауытқымау керек қой.Мысалы,қытайлардың түсірген "Шыңғысхан"хикаясын кезінде қалай қызығып қарадық?

Ал,Калашниковтың"Қатыгез ғасырын"оқыған адам, киноның тура сол кітап бойынша түсірілгенін бірден аңғарар еді.Тап содан ол сериал ұтпаса,ұтылған жоқ.Ал біздің кітабымыз айдалада,киномыз тіпті басқа жаққа лағып жатыр.Сосын,актерлардың аузына анадай әдеби ме,ғылыми ма,адамның құсқысын келтіретін сөздерді кім апарып салып қояды екен?Кеңестің кезінде де қазақтың киносы орыстар түгілі,қырғыз бен өзбекке жете алмаушы еді,әлі сол қалпынан дым да өзгерген жоқ екен.Жалпы осы бізге футбол мен киноға ақша шығындап не керек?Екеуі де өлдім десең де,қолымыздан келмейтін ит тірлік..Текке кеткен қайран уақыт-ай.Әзілхан атамыздың әруағынан ұят болмаса екен.

Ерлан ӘБСАЛЫҚ.

Пікірлер