Бүгінде облыста 30 мыңға жуық көп балалы ана бар. Жыл басынан бері 41 ана «Алтын алқа», 174 ару «Күміс алқа» иегері атанды. Облыс бойынша "Алтын алқа", "Күміс алқа" алған аналар немесе бұрын "Батыр Ана" , сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған әйелдер 8-наурыз мерекесіне орай жергілікті бюджеттен біржолғы төлем алады. Ақтау және Мұнайлы аудандарында тұратындар үшін 4180 теңге және облыстың қалған аудандары үшін 2 АЕК.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.