Тұрғын үй бағасы бір айда 3,1%-ға өсті – Ұлттық статистика бюросы

3534
Adyrna.kz Telegram

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 3,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6% жоғары болды»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда еліміздегі жаңа үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны 322 968 теңгені құрайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер