Қазақстандық әйел Ресейде баласын сатқан

2143
Adyrna.kz Telegram

Ресейде бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Красноярск өлкесіндегі Тергеу комитетінің мәліметінше, қылмыскер баласын 13 мың долларға бағалан.

Тергеу әйелдің Камбоджа аумағында арнайы процедурадан кейін жүкті болып, Красноярскке босануға келгенін анықтады. Қалада оған пәтер жалдап, медициналық қызмет көрсетілді.

«2020 жылдың сәуірінде әйел ұлды дүниеге әкелгеннен соң баланың туу туралы куәлігін алып, алаяқтарға сенімхат жазып береді. Осылайша, Қазақстан азаматшасы жаңа туған баласын өзге адамдарға табыстайды. Бұл оқиғадан кейін Қазақстан Республикасына барып, баланы бергені үшін 13 мың АҚШ доллары мөлшерінде ақша алды»,-деп мәлімдеді Ресейдің тергеу комитетінің өкілдері.

Айта кетейік, біздің отандасымыздан басқа тағы үш адам тергеліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер