8 қаңтар күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Қазгидромет" 8 қаңтардағы ауа райымен бөлісті. Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде ауа райы күрт өзгереді.
Алматы облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында таңертең және күндіз тұман болады.
Түркістан облысының кей аймақтарында қар жауады. Ал өңірдің оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Үшінші мегаполис Шымкентте 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтілуде.
Петропавлда қарлы боран соғып, жел тұрады. Ал Көкшетауда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады.
Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Желдің екпіні кейде 30 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болмақ. Тіпті көктайғақ болады.
Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Павлодарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бұрқасын боран. Қарағанды облысы тұрғындарына елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берілді
ауа райы
#ауарайы #дауыл #боран #қазгидромет #ескерту #алматы #орал #шымкент #павлодар #тараз
ауа райы болжамы
көктайғақ
