Газ жарылып, алты адам жараланды

2306
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы жеке үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Құрсай шағын ауданында болған. Табиғи газ үйге бір күн бұрын ғана тартылған екен. Сан жылғы азаптан арылдық па деген тұрғындарға аңдаусызда апат құрбанына айнала жаздады. Қазір үш адам ауруханада жатыр. Ерлі-зайыптыларды қатты күйік шалған. Аурухана төсегіне олардың туысы да таңылыпты. Абырой болғанда, балалары аман қалған. Ал үй толығымен қирап қалған. Қазір мамандар үйіндіні тазалап жатыр.

Аудан әкімдігі зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Қазір апат бойынша тергеу басталып, техникалық сараптама тағайындалды.

« Өздеріңіз көріп отырсыздар, осы үйдің көлемі 120 шаршы метрді құрайды. Осы үйдің 30 шаршы метрге жуығы қазіргі таңда қираған. Үй жарамсыз жағдайға келген. Қазір арнайы ҚазТрансГаз мекемесі тексеру жұмыстарын жүргізіп, қосымша себептерін анықтап айтамыз»,-деді ТЖД бастығының м.а. Аманбек Бейсембаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер