13 жастағы қыздың ажалы ұялы телефоннан болды

3174
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Братск қаласында 2008 жылы туған қыз тоқ соғып көз жұмды, ол жуынатын бөлмеге телефон алып кірген. Тексеріс басталды, деп хабарлады РФ тергеу комитеті өңірлік департаментінің баспасөз қызметі.

"Тергеушілер қыздың ұялы телефонмен ваннаға кіргенін анықтады. Оқиға орнында кәмелетке толмаған қыздың қолынан желіге қосылған қуаттау құрылғысының сымы табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімге электр жарақаты себеп болған. Тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады", - делінген хабарламада.

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Тексеріс қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Пікірлер