АҚШ Беларусь шенеуніктеріне санкция салды

2077
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Беларусьтің 43 азаматына қарсы визалық санкциялар қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Құрама Штаттардың Мемлекекеттік департаментінің мәлімдеуінше, «қара тізімге» сот, прокуратура мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген. Енді олар АҚШ аумағына кіре алмайды. Жазалау шараларын қабылдауға Беларусь билігінің бейбіт шерулерді күшпен басып, саяси белсенділерді қуғындауы себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, Америка үкіметі бұған дейін 2 рет Беларусьтағы ресми тұлғаларға қарсы визалық шектеулер енгізген еді. Содан бері қара тізім 66 шенеунікпен толыққан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер