Сотталғандарға жеткізілген сәлемдемеден есірткі табылды

2072
Adyrna.kz Telegram

Атырауда түзеу мекемесіне жеткізілген сәлемдеменің ішінен есірткі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 ақпан күні УГ-157/9 мекемесіне келген сәлемдемелерді тексеру кезінде Ақтау қаласынан келген бандерольдан ақ түсті ұнтақ табылды. Сондай-ақ темекінің ішіне тығылған жасыл түсті шөп анықталды.

Аталған заттар табылған бойда мекемеге Атырау қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды.

«ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалды»,– деді мекеме бастығы Думан Таженов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер