Шөмішбай Сариев дүниеден озды

12593
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ақын, аудармашы Шөмішбай Нағышыбайұлы Сариев дүниеден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1946 жылдың 15 сәуірінде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансиясында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Филология ғылымдарының кандидаты. Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың және «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ боп басылған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер