Үңгір арқылы өтетін жаңа теміржолдың ұзындығы – 57 шақырым.
Сөйтіп, бұл желі Жапониядағы 54 шақырымдық Сейкан туннелін басып озды.
Одан кейін 50 шақырымға созылған Ла-Манштағы Еуротуннель еді.
Ал, құрылысы 17 жыл жүргізіліп, оған 17 млрд еуро жұмсалған Готард туннелімен жүріп өтуге 20 минут кетеді екен. Сондай-ақ, ол елдің оңтүстігінен солтүстігіне қарай жолды жарты сағатқа қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.
24.kz