Көше атауларын өзгертуге қатысты мораторий енгізілмек

2508
Adyrna.kz Telegram

Елімізде 1 мамырдан бастап елді мекендердегі көшелер, алаңдар мен даңғылдар, саябақтардың атауын өзгертуге уақытша мораторий енгізу жоспарланып отыр. Бұл ұсынысты премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мақұлдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Санақты сапалы өткізу үшін комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атауға қатысты 2021 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығына мораторий енгізу орынды ма, деген мәселені қарады»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер