Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы қала мектептерінің бірінде 9-сынып оқушысының жүктілігі туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды ”Адырна” тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басқарма басшысы бұл ақпаратты растады.
"Иә, мен бұл жағдай туралы білемін. Жағдай алдымен оқу орнында анықталды. Оқушылар мен психологтар оқушы жүкті деп күдіктенді. Бұл туралы олар уәкілетті органдарға хабарлады. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.
Басылым мәліметінше, 15 жастағы жүкті қыз зорланғанын мәлімдеген.