Ермек Тұрсынов: Алаңға шыққан адамдарға ақша беріледі (Видео)

4073
Adyrna.kz Telegram

Режиссер, сценарист Ермек Тұрсынов Нұрсейіт Жылқышыбай жүргізетін "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында елге маңызды ақпарат айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сұхбат барысында режиссердің өмірі мен өнерінен бөлек, митинг, саясат сынды шулы тақырыптар да қозғалды.

"Бұрын митингке қатысу үшін бәленбай ақша тарататұғын. Қазір де солай. Әблязовтың адамдары",- деді Ермек Тұрсынов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы көптеген мәселе төңірегінде халық әр қаладан митингке шығып, біраз әбігерге түскен еді. 90-шы жылдары энергетика министрі болған, 2002 жылы сыбайлас жемқорлығы анықталып, 6 жылға сотталған Мұхтар Әблязов қазір халықты митингке шығуға азғырады. Әлеуметтік желілерде өте белсенді, сондай-ақ митингке шыққан әр адамға ақша төлейді-мыс.

"Мен Әблязовқа сенбеймін, ол жүрген бір ұры",- деді режиссер.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер