АҚШ Навальныйды босатуды талап етті

1930
Adyrna.kz Telegram
Russian opposition leader Alexei Navalny, who was detained for participation in unauthorised protest rally, attends a court hearing in Moscow, Russia June 24, 2019. REUTERS/Tatyana Makeyeva
Russian opposition leader Alexei Navalny, who was detained for participation in unauthorised protest rally, attends a court hearing in Moscow, Russia June 24, 2019. REUTERS/Tatyana Makeyeva

АҚШ Сенатының Өкілдер палатасындағы сыртқы істер бойынша комитет төрағасы Грегори Микс пен республикашылсенатор Майкл Маккол Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуы бойынша бірлескен мәлімдеме жасады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Abai.kz порталына сілтеме жасап. 

Екі саясаткер оппозиционер Алексей Навальныйды және акциялар кезінде қамалған мыңдаған адамды тез арада босатуды талап етіп, журналистердің қамалуын сынға алды.

Микс пен Макколдың мәлімдемесінде "Путиннің режимі арсыз коррупциясы үшін жауапкершілікке тартылу керектігі" жазылған.

2 ақпанда Мәскеуде "Ив Роше" деп аталған бұрынғы іс бойынша Алексей Навальныйдың шартты жазасын абақтыда өткізу жазасымен алмастыру мәселесі қаралады. 2014 жылы "Ив Роше" ісі бойынша саясаткерге шартты жаза берілген.

Пікірлер