«Путин ұры!»: Ресейде 5000-нан астам адам ұсталды

2665
Adyrna.kz Telegram

Ресейдегі жаппай наразылық акциялары биліктің барлық ескертулеріне қарамастан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жексенбі күні болған шеруде елдің 86 қаласында 5000-нан астам адам ұсталған.

Мәскеудің орталығында «полицияның арнайы бұйрығына дейін» жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеулер енгізілді. Сондай-ақ, 11 метро станциясы жабылып,  дүкендер мен тұрақтардың жұмысы тоқтатылған.

Екатеринбургте 7000-ға жуық демонстрант шеруге шықты. Олар  "Навальныйға бостандық", "Путин ұры" деп ұрандатса, Новосибирскіде наразылар бірден қамауға алынды.

Айта кетейік, Навальныйдың жақтастары саяси тұтқындарды бостандыққа шығаруды талап етуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер