Қырғызстанның экс-премьері ұсталды

1903
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті республиканың бұрынғы премьер-министрі Мұхаммедқалый Әбілғазиевті ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұрынғы Үкімет басшысы 26 қаңтарда жауап алуға шақырылып,  қамауға алынған. Оған «заңсыз баю» ісі бойынша айып тағылды.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы полициясы Әбілғазиевке жемқорлық жанжалына байланысты елден шығуға тыйым салған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер