Кәсіп ашып, бизнес бастағыңыз келе ме? Бизнес жоспарыңыз да дайын, бірақ қаржының жоғы қолбайлау ма? Ендеше өз бизнесін дөңгелетуді көздегендерге ASSYLTAS қоғамдық қоры тарапынан 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Әр ай сайын екі жас кәсіпкер ASSYLTAS бизнес грантын иеленеді, бір жылда 24 адамға грант береміз!
Жобаға кімдер қатыса алады?
Жобаға 18-35 жас аралығындағы ҚР азаматтары қатыса алады;
Жобаға қатысушылар кәсібі жайында қазақ тілінде бейнеролик немесе презентация жіберуі қажет;
Грантқа үміткерлердің ашылған ИП-сы болуы керек;
Қандай жобаларға басымдық беріледі?
Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Өндіріс;
Қазақ тілін дамыту жобаларына;
Мобильді қосымшалар;
Ұлттық өнер;
Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең – жұмыстарды қабылдау
2 кезең – үміткерлерді анықтау
З кезең – интервью
Бейнеролик және презентациялар 5 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында assyltas.business.grant@gmail.com поштасына қабылданады.
Жеңімпаздар 2021 жылдың 5 ақпанында анықталады.
БАҒЫҢДЫ СЫНА, КӘСІБІҢДІ АШ!