Отандасымыз көктемде рингке оралады. Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегін 24 жастағы талантты мексикалық боксшы Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жұдырықтасады деп мәлімдеді.
Гоместың сөзіне сенсек, жекпе-жек 1 мамырда өтеді.
Айта кетейік, қос спортшы 2018 жылы шаршы рингте кездесуі керек еді. Бірақ NSAC (Невада штатының атлетикалық комиссиясы) ұйымы Мунгияның тәжірибесіздігіне байланысты жекпе-жекке рұқсат бермеген.
Бұл жекпе-жек өтуі мүмкін бе?
Иә, әбден мүмкін. Себебі, DAZN платформасы Геннадий Головкинның жеңісінен кейін міндетті қарсыластар тізіміне Сауль Альварес, Хайме Мунгия, Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Билли Джо Сондерсты қосқан.
GGG - Canelo
Ал көпшілік асыға күтіп жүрген GGG – Canelo триологиясы әзірге мүмкін болмайын деп тұр. Сауль Альварестың бапкері Эдди Рейносо: «WBA, WBC тұжырымдары бойынша 2-ші орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварестың (54-1-2, 36 КО) басты мақсаты осы салмақта абсолютті чемпион атану. Біз келесі жекпе-жекті 90 күннен соң, Мексикада WBA белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) немесе IBF белбеуінің чемпионы Калеб Плантпен (20-0, 12 КО) өткізгіміз келеді.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ,
«Адырна» ұлттық порталы.
Фото ашық дереккөзден алынды.