Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласынының көп қабатты үйлерінің бірінен үш ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап.
– Алдын ала мәліметтер бойынша кінәлі адам (қайтыс болғандардың бірі) ер адам қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қайтыс болғандардың тұрғалары анықталды, олар Курчатов қаласының тұрғындары, – деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты жария етуге жатпайды.
«Адырна» ұлттық порталы