БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Біреуді айтақтауға шеберміз

3442
Adyrna.kz Telegram

Бір күні бір қазақ шақырды. Ұзақ әңгімелестік. Ақыл айтты. Елдегі демокртияны ойлап күйінетінін, жатса-тұрса елдің қамын ойлайтынын, қалың елім қазағым деп біраз күңіренді.

Бір кезде маған көшті. Сен демократ емессің деді. Кезінде жақсы едің қазір бұзылдың деді. Фейсбукта демократиялық пост сал деді. Қазақтың көзін аш деді. Вообщем біраз жерге барды шабытпен.

Ептігі басылды-ау дегенде телефоныңды берші маған дедім. Берді. Приложениесінен фейсбукты аштым да әкесін танытып демократтық 3 абзац пост жаздым. Пост жазу бізден қалған ғой. Сұмдық пост енді. Телефонын өзіне ұсынып жатып "Мынаны оқы да, өз атыңнан парақшаңда демократия үшін осы күйі жариялай сал" дедім.

Әлгі постты оқып жатып көзі шарасынан шығып кете жаздады. "Ойбай, маған болмайды" деді. "Еее, неге болмайды?" дедім таңырқап. "Басым екеу деймісің? Демократия туралы сен жаз. Менде нең бар?" дейді жарықтық.

"Атаңның басы саған демократия" дедім.

Сол айтпақшы қазір әркімде смартфон бар, екі қол мен бір бас бар. Біреулерге "Сен жаз. Сен айт. Неге жазбай кеттің?" дей бермей әркім өзі жазсын да енді?! Көп қазақтың демократияға деген қатты ұмтылысы өзінің мойнына жауапкершілікті артатын кезде тоқтайды. Есек қылып біреудің мойнына артқысы келеді. Қояйық та мұндайды... Қыртымбайлығымыз көп қоғамбыз ғой негізі.

Пікірлер