Ғарыш саласы – ғарыштап даму сапарында...

3029
Adyrna.kz Telegram

Біздің елімізде ғарыштық зерттеулер бірнеше  ондаған жылдар бойы жүргізіліп келеді.  Оның 70-жылдан астам тарихы бар.  В.Г. Фесенкова,
Г.А.  Тихова,      М.     Сұлтанғазина,     Т.Б. Омаров, В. И.  Дробжева сынды атақты ғалымдардың есімдері осы зерттеулермен  байланысты. Осы уақыт ішінде әлемнің эволюция процестерін зерттеу, Күн-жер қатынастарының физикасы және жер маңындағы ғарыш кеңістігіндегі динамикалық процестер сияқты танымал ғылыми топтар құрылды.

Соңғы онжылдықтарда жер қыртысының геодинамикалық және геофизикалық мониторингі, төтенше жағдайлардың, ауылшаруашылық өндірісінің, табиғи ресурстардың және қоршаған ортаның экологиялық жай-күйінің ғарыштық мониторингінің әдістері мен технологияларын жасау, ғарыш аппараттарының, ғарыштық байланыс пен навигация құралдарының технологиялары мен компоненттерін әзірлеу секілді жаңа бағыттар пайда болды.

Қазғарыштың, "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы  Акционерлік қоғамының, "Ғалам" Бірлескен компаниясының және "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" Акционерлік қоғамдар  сияқты инновациялық компанияларының негізгі міндеті ғарыш жүйелерін және жерүсті инфрақұрылымын жобалау, құру және пайдалану болып табылады. Ал  «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы»  алыс және жақын ғарышты зерттеу, жерді ғарыштан зерттеу, ғарыш техникасы мен технологияларын әзірлеу бойынша ғылыми — зерттеу және тәжірибелік — конструкторлық жұмыстарды жүргізу саласындағы танымал ғылыми-зерттеу орталығы болып келеді. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар қолданбалы зерттеулер саласында жүргізілуде.

«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ ғылыми зерттеулерден бастап ғылымды қажетсінетін өнімді әзірлеу мен практикалық пайдалануға дейінгі циклды қамтамасыз етеді. Осының арқасында соңғы бес жылдың ішінде ғана Қазақстан  10 патентті, ғылыми-техникалық өнімді енгізудің 22-ден астам актісін алуға қол жеткізген.

Қазіргі күні ғарыш техникасының отандық үлгілерін жасау бойынша жұмыстардың тұтас кешені орындалып отыр. Соңғы пайдаланушыларға ғарыш жүйелерінің өнімдері мен қызметтеріне қол жеткізу үшін қажет ғарыш аппараттарына бес жинақтаушы  және 14 арнайы аппараттық-бағдарламалық құралдардың эксперименттік және тәжірибелік үлгілері әзірленді.

Еліміздің ғалымдары мен мамандары  ғарыштық технологиялар базасында аспаптар мен жабдықтарды дайындап,  сертификаттады. Сонымен қатар, ғалымдар тарапынан жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесінің дифференциалды түзету базалық станциялары (50 дана, енгізілген), геодезиялық кластағы навигациялық қабылдағыш (өнеркәсіптік үлгі, сынақтан өткен), қадағалаудағы адамдарды қашықтықтан мониторингтеуге арналған электрондық білезік (өнеркәсіптік үлгі, сынақтан өткен), әртүрлі өндірушілердің жылу есептеуіштерінен ақпарат жинау және беру терминалдарын (өнеркәсіптік шығарылым, 2000 дана енгізілген) іске қосу секілді бірқатар жұмыстар атқарылған.

Қазақстанның ғарыш саласының дамуы жолында қанша жұмыс атқарылып, тер төгілгенмен әліде тізгіндейтін шаруалар жетерлік.

 

 

Ерке Жомарт,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер