Тіл жанашырын тұқыртпақ болған шенеунік жұмыссыз қалды

4683
Adyrna.kz Telegram

Павлодар әкімі аппаратының басшысы Қайыржан Оңғаров аймақтағы орыс тілді мектептердің көбеюін талқылауға келген белсендіге психикалық ауруханадан дәрігерлерді шақырғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов брифинг барысында баяндады.

Аймақ басшысының айтуы бойынша, Руза Бейсенбайтегі әкімдікке келіп, бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұраған. Әкімдік оған санкция берген.

«Руза Бейсенбайтегі әкімдікке өтінішпен келді. Біз оған бейбіт митинг өткізуге рұқсат бердік. Барлық ұсыныстарды қабыл алдық.
Қазір мемлекеттік қызметкерлер бұл мәселені қолға алды. Мен де осы оқиғаны өз бақылауымда ұстаймын, - деп жауап берді облыс әкімі.

Брифинг барысында Сқақов оқиға болғаннан кейін әкім аппаратының басшысы Оңғаровтың қызметінен босатылғанын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер