Әблязовтың сыбайласы миллиардтарды қайтарды

2061
Adyrna.kz Telegram

Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға 6,3 миллиард теңге қайтарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта қылмыстық топтың 6,3 миллиард теңге мөлшерінде келтірген залалын қосымша өтеу қамтамасыз етілді. Әңгіме Әблязовтың бақылауындағы оффшорлық компанияға көрінеу қайтарымсыз кредиттер беру арқылы ұрланған және Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталықтың құрылысына инвестицияланған БТА Банкінің қаражаты туралы болып отыр", - делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер