Қазақстан 908 миллион еуро қарыз алмақ

2394
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Азия даму банкінен 908 миллион еуро қарыз алады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаражат есебінен келер жылдың бюджеттік тапшылығы өтеледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталына «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Яғни ақша коронавирус індетімен күресуге және ел экономикасын қалпына келтіруге жұмсалмақ. Бұл қарыз 2 бөліктен 10 жыл ішінде қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ министр Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен де шамамен 662 миллион еуро алу көзделгенін хабарлады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл қаражаттың орынды жұмсалу қажеттілігін ескертті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер