Бір миллион адам COVID-19-ға қарсы екпе салдырды

2434
Adyrna.kz Telegram

Қытайда бір миллионға жуық адамға коронавирусқа қарсы екпе егілді. Оларға шұғыл жағдайда қодануға рұқсат етілген СNBG компаниясының вакцинасы салынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар екі вакцина жасап шығарған. Олардың клиникалық сынағының үшінші кезеңі әлі аяқталған жоқ. Тәжірибе Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Аргентина және Перуде жүргізіліп жатыр. Шараға 50 мыңнан астам адам қатысуда. Компанияның мәлімдеуінше, алдын ала нәтижелер вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.

«Мен індетпен күресте екпеге көп үміт артамын. АҚШ пен Германияда екі вакцинаның тиімділігі 90%-тен асқаны хабарланды. Ал Қытай препараттарына келетін болсақ, олар шетелде клиникалық сынақтардан өтіп жатыр. Мен бақылау комиссиясын басқарамын. Бізде сынаққа қатысушыларға қажетті зерттеулер жүргізіліп жатыр. Тәжірибелерге қатысты қорытындалар жуық арада шығады деп сенемін»,-деді профессор Ван Гуйцян.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер